Израил премьер-министрі Адольф Гитлерді ақтап алуға тырысты (видео)
Израил премьер-министрі Адольф Гитлерді ақтап алуға тырысты (видео)
10 жыл бұрын 3750

Израил премьер-министрі Беньямин Нетаньяху екінші дүниежүзілік соғыс кезінде еврейлердің басына қара бұлт болып үйірілген, орны толмас қасірет болып төнген Холокост идеясын Құдыс мүфтиіне жауып, фашизмге жол ашқан Адольф Гитлерді ақтап алуға тырысты. Оның айтуынша, Гитлер бар-жоғы еврейлерді Еуропадан қууды ғана ойлаған. Израил премьер-министрі ейврейлер геноциді туралы бұл мәлімдемесін Германияға сапары алдында жасады. Бұл жайында Reuters ақпарат ресурсы хабар таратты. Оның бұл мәлімдемесі талас-тартысқа ұласқан дау-дамайға түрткі болды. «Гитлер еврейлердің көзін жоюды ойлаған емес, ол еврейлерді қумақ болды»,- деді ол өз сөзінде. «Амин әл-Хусейн Гитлерге келіп: «Егер оларды қуатын болсаң, олардың бәрі Палестинаға келеді»,- деген-мыс. Гитлер оған: «Сонда мен не істеуім керек?»- деп сауал қойған-мыс. Израил премьер-министрінің айтуынша, мүфти оған: «Оларды өрте»,- деп жауап берген" деседі. 

0 пікір
Мұрағат