|
Израил палестиналықтарды кемсітуін қояр емес
|
Израил билігі палестиналықтарға еврейлермен бір көлікте отыруына тыйым салды. Бұл жайында сионистік мемлекеттің қорғаныс министрлігінің өкілі мәлімдеме жасады. «Үш айлық пилоттық жоба бойынша сәрсенбіден бастап, Израилде жұмыс істейтін палестиналықтар үйлеріне келген жолымен қайта алады, алайда, Иудей мен Самари (Иордан өзенінің батыс жағалауында) тұрғындарымен бір автобусқа отыра алмайды», - деді ол мәлімдемесінде. Бұл жайында «Франс Пресс» ақпарат агенттігі хабар таратты. Әлем жұртшылығы халықаралық конвенцияға қайшы келетін, нәсілдік кемсітушілікке жол берген Израил билігінің бұл қадамын «адамзатқа қарсы жасалған қылмыс» ретінде бағалап отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
«Төртінші дублер» құпиясы
■
Қала жобалары қасиетті Меккені «діни диснейлендке» айналдыруы мүмкін (фото)
■
Мидан бұрын беймәлім болып келген «қарауылдаушы» жасушалар табылды
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Иран алғаш рет жасырын, реактивті жойғыш дронын ұшырды (видео)