Израил Голан жотасын жабатын болды
Израил Голан жотасын жабатын болды
10 жыл бұрын 3708

Израил билігі Сириямен шектесіп жатқан Голан жотасын жабық әскери аймаққа айналдыратынын мәлімдеді. Жөйттер мұндай қадамға неліктен барғанын Сириядағы әскери іс-қимылдың Израилмен арадағы шекара маңында орын алуымен түсіндіріп отыр.

Израил әскерінің мәліметіне қарағанда, үкімет әскері қазіргі уақытта әл-Кунейтра қаласы мен Хадер ауданын ғана бақылап отыр. Қалған аумақта оппозиция күштері үстемдік еткен.

Голан жотасына қатысты ахуал наурыз айының 19-ы күні ушыға түсті. Израилдің төрт жауынгері жарылған бомбадан жарақат алған болатын. Израил билігі бұған жауап ретінде ауыр артиллериямен және ұшақпен  Сирия армиясына шабуыл жасады.

Бір айта кетерлігі, Голан жотасы 1967 жылға дейін Сирия аумағы болатын. Алты күнге созылған соғыста Израил аталмыш жотаны тартып алған еді. Содан бері Израилдің бақылауында.

0 пікір
Мұрағат