ИЗРАИЛЬ ГАЗА СЕКТОРЫН МҮГЕДЕКТЕР ҚАЛАСЫНА АЙНАЛДЫРДЫ
ИЗРАИЛЬ ГАЗА СЕКТОРЫН МҮГЕДЕКТЕР ҚАЛАСЫНА АЙНАЛДЫРДЫ
8 жыл бұрын 2244 e-islam

Қызыл жарты ай ұйымының мәліметінше, қазір Газа секторында жалпы саны 490 мың тұрғын бар. Оның 75 мыңы әртүрлі мүгедектікке ұшыраған адамдар, деп хабарлайды Dünya Bülteni түрік ақпараттық порталы.

Бұл израильдік әскерилер шабуылы Палестина қаласын мүгедектер мекеніне айналдырғанын көрсетеді. 2014 жылы Израиль Әуе әскери күштерінің бомбалауы салдарынан 11 мың тұрғын жараланған. Олардың көпшілігі өмір бойына мүгедектікке шалдықты.

Израиль әскерінің шекараны оқшаулауы шетелге шығып емделуді қажет ететін палестиналықтардың жағдайын онан әрі қиындай түседі. Жыл басынан бері 22 мыңнан аса тұрғын тиісті өтінішпен Израиль билігіне хат жолдаған. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, тек 2 мыңға жуық адамға ғана шекарадан шығуға рұқсат етілген.

Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы қазіргі уақытта қол немесе аяқ протезін Газаның 2 300 тұрғыны өте қажет етеді.

0 пікір
Мұрағат