|
Израил билігі полицияны арнайы жасақ қолданатын қарумен жарақтандырып жатыр
|
Бұл жайында "Решет Бет" деп аталатын радио торабы хабар таратты. Израилдің тәртіп сақшылары көп ұзамай өздері қолданатын Jericho тапаншасының орнына арнайы жасаққа арналған қарумен жарақтандырылады. Нақтырақ айтқанда, келесі аптадан бастап, Glock фирмасының тапаншаларын пайдаланады. Тәртіп сақшылары үшін осындай 3500 тапаншаға тапсырыс берілген. Полиция баспасөз қызметі хабарлағандай, 15 мың жаңа тапанша сатып алуға тендер ұтып алған. Өйткені, полиция өкілдері қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін табелді Jericho тапаншасы жарамайтынына шағымданған. Палестиналықтарды тұқырту үшін ойлап тапқан желеуіне әлем қауымдастығы сеніп отырған жоқ. 25 млн шекел тендерді ұтып алған "Эфрам" компаниясы австриялық Glock тапаншасын импорттайды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...