Израил билігі мұсылман еместерге Рамазанда Ақса мешітіне келуге тыйым салды
Израил билігі мұсылман еместерге Рамазанда Ақса мешітіне келуге тыйым салды
2 жыл бұрын 1149 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Ammar Awad / Reuters

Израил билігі еврейлер мен мұсылман емес туристерге қасиетті айдың соңына дейін Ақса мешітіне келуге тыйым салатын шешім қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған елдің премьер-министрі кеңсесінің мәлімдемесіне жөн сілтеген The Jerusalem Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соңғы күндері исі мұсылман үшін Харам мешіті мен Пайғамбар мешітінен кейін қасиетті саналатын Ақса мешіті төңірегіндегі ушығып кеткен ахуалды түзеу әрі әлем қауымдастығының қатаң айыптауын ескере отырып, осындай қадамға баруға мәжбүр болып отыр. Десе де Израилдің ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гуир биліктің бұл қадамын өткір сынға алып, қателікке жол берді деп мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай шешім ахуалды одан ары шиеленістіріп жібереді.

0 пікір
Мұрағат