|
ИЫҰ Нигериядағы бассыздыққа тойтарыс беруді көздейді
|
Ислам ынтымақтастық ұйымының (ИЫҰ) бас хатшысы Нигериядағы «Боко Харам» содырларының аптығын басуға уәде берді.
«Біз «Боко Харамның» исламмен үш қайнаса сорпасы қосылмайтыны жөнінде нақты мәлімдеген едік. Біз оларды қылмыскер деп есептейміз. Ислам дінінің жазықсыз кісі өлтіргендерді немесе түк кінәсі жоқ балаларды ұрлауды ешуақытта ақтамайды»,- деді исі мұсылман атынан сөйлейтін ұйымның бас хатшысы.
Мадани мырза бұл мәлімдемесін Нигерияға барған сапарында, осы елдің сыртқы істер министрі Амин Уәлимен кездескенде жасаған болатын. Сондай-ақ, ол қасиетті Құранда айтылғандай, жазықсыз адам өлтіргеннің бүкіл адамзатты өлтіргенмей бірдей күнәға бататынын жеткізді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Cаудия барлық шетелдік инвесторға капитал нарығын ашады
■
Мұсылман елі Илон Масктың әлеуметтік желісіне тыйым салады
■
Әлемдегі алғашқы су тұшшыландыратын суасты қондырғысының ең басты артықшылығы неде?
■
Цифрлы дәуір Марокконың діни қайраткерлерін қайта қалыптастыруда
■
Қытайда чат-боттарға эмоциясын білдіруге тыйым салады