Иудеилер мұсылмандарды синагогқа ауызашарға шақырды
Иудеилер мұсылмандарды синагогқа ауызашарға шақырды
9 жыл бұрын 3576

Түркияның иудейлер қауымы Эдирне қаласындағы тарихи синагогты қалпына келтіріп бергені үшін алғыс айтып, мұсылмандарға дастархан жайып, ауызашар ұйымдастырды. Түрік иудейлер қауымының жетекшісі айтқандай, ауызашарға 700 мұсылман шақырылған. «Біз алғысымызды ауызашар ұйымдастыру арқылы білдіргенді жөн көрдік. Эдирне қаласына оралғанымызда синагогтың отанымыздағыға қарағанда әлдеқайда жақсы жөндеуден өткеніне көз жеткіздік», - деді Ысқақ Ибрагимзаде. Бұл жайында IslamNews порталы Al Arabiya ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Айта кетейік, түрік билігі синагогты қалпына келтіру жұмыстарының және құрылыс материалдарының шығынын көтеріп алды. Үстіміздегі жылдың наурыз айының 26-ы күні иудейлердің игілігіне берілді.

 

Рамазан наным-сенімі бөлек адамдарды жақындастырады

Малайзияда наным-сенімі бөлек тұрғындар қасиетті Рамазан айында иман мәселесіндегі айырмашылыққа қарамастан ауызашарға қатысып, дінаралық татулықтың жарқын үлгісін көрсетуде. «Тек ораза айында ғана осыншама ас мәзірін, оның ішінде сирек кездесетін тағам түрлерін көруге болады... Бәрінің дәмін татып көргің келеді, өйткені, Рамазан айы жыл бойы бола бермейді ғой», - деді 29 жастағы Джинн Йора Махин. Малайзиядағы мұсылман еместер бұл айды мұсылмандармен жақындасудың тамаша мүмкіндігі ретінде қарастырады. Ауызашарда дастархан басында отырып, мұсылмандармен сұхбаттасу арқылы асыл дініміздің қадір-қасиетін тани түседі. «Мен ораза ұстамаймын. Десе де, мұсылман әріптестермен бірге ауызашарға қатысқан маған ұнайды», - деді 24 жастағы Рэйчел Баснаяке (Rachel Basnayake). Айта кетейік, Малайзия халқының 60 пайызын мұсылман жамағаты құрайды. Яғни, бұл елдегі мұсылмандар қарасы 26 млн-нан асады. Ал христиандарға келсек, олардың саны пайызға шаққанда – шамамен 9,1%, ел тұрғындарының 19,2%-ы – будда наным-сенімінде, 6,3% - индуизм. 

0 пікір
Мұрағат