Иудейлер мұсылмандардан үлгі алуда
|
Израилдің раввиндері иудейлердің екі әйел алуына заң жүзінде рұқсат беруді қолдап, бастама көтерді. Осы орайда олар Көне Өсиетті алға тартып, ондағы көп әйел алған пайғамбарларды мысал ретінде келтіріп отыр. Иудей дінбасыларының айтуынша, Тәуратта да көп әйел үстіне әйел алуға тыйым салынбаған. Оның үстіне, көп әйел алудан кедергі көрмейтін арабтардың көбейіп келе жатқанына да алаңдаушылық білдіріп отыр. "Көп - қорқытады, терең - батырады". Арабтардан демографиялық тұрғыдан ұтылып қалмау үшін биліктен осындай қадамды талап етіп отыр. Осы түста айта кететін бір жайт: көп әйел алу иудаизмде 10-шы ғасырдан бері бар, тек еврей-ашкеназилер үшін (олардың дені кәрі құрлықта өмір сүреді) раввин Гершон бен Иегуд тыйым салынғанға дейін бұл көп әйел алу иудейлер арасында сақталған болатын. Сондай-ақ, бұл тыйымға Таяу Шығыстағы еврей-сефард қауымы да құптаған болатын. Аталған бастаманы көтерген раввиндер "Толық еврейлер үйі" деп аталатын топқа бірігіп, "100 раввин ережесіне" сәйкес өздерінің наным-сенім тұрғысынан пәтуа берді көп әйел алуды жақтап. Ендігі жерде олар бұл бастамалары аяқсыз қалмауы үшін насихат жұмыстарына кіріседі. Бұл жайында "islam.kz" ақпарат көзі "Albawaba.com" порталына сілтеме жасай отырып, хабар таратып отыр. Жоғарыда аталған топтың өкілдері Израилдің 10-шы телеарнасына берген сұхбатында еврейлер үшін салынған бұл тыйым Израил аумағында өмір сүретін арабтарға жүрмейді. Бұл да өз кезегінде еврейлердің шамына тиюде. Осылайша кемсітушілікке ұшырағандарын алға тартып отыр. Әзірге Израилдің бас раввині бұл бастамаға қатысты өз пікірін айтқан жоқ.