|
Иудей студент мұсылмандар үшін раввинмен сөзге келіп қалды
|
Германиядағы иудейлердің діни рухани көсемпі Еуропаға ағылған мұсылман босқындарға наразылығын жасырмай, мәлімдеме жасаған болатын. Кәрі құрлықтағы иудейлердің діни жетекшісі, қызық болғанда, өзі сынаған мұсылмандар тарапынан емес, діндес бауыры, студенттен сөз естимін деп ойламаған еді. Дәлірегі, иудей студенті Армин Лангер оны нәсілдік кемсітушілікке жол беретін мәлімдемесін сынға алған еді. Осы әрекеті үшін, яғни, Германиядағы иудейлердің орталық кеңесінің жетекшісіне жолдаған хаты үшін Потсдам қаласындағы иудейлердің Абрахам Гейгер атындағы діни семинариядан шығарылды. Бұл жайында "Al Arabiya» ақпарат көзі хабар таратты. Білдей бір елдегі иудейлердің рухани көсеміне сын айтқан Армин Лангердің өзі «Сәлем-Шалом» деп аталатын дінаралық ұйымның іргетасын қалаған жалынды жас болатын. «Егер азшылықты құрайтындардың біріне қырын қарайтын болса, көп ұзамай бұл өз кезегінде өзге азшылықты құрайтындарға қырын қарауға жол ашады»,- деді сұңғыла 25 жастағы белсенді студент. Ол Йозеф Шустердің позициясына тым қатаңдық танытқанын мойындап отыр, алайда, өзінің ойын дұрыс санайтындығын жеткізді. Армин Лангер бұрын да иудейлердің қолайына жақпайтын мәлімдемелермен аты шыққан студент болатын. Ол мұсылмандар көп шоғырланған аудандарда еврейлердің дәстүрлі бас киімін киіп жүрмеуге шақырған болатын діндес бауырларын. Осы үндеуі үшін де діндес бауырларынан сөгіс естіген еді.