|
Иудей жігіті пайғамбарға (с.а.у.) тіл тигізді
|
Израилде иудей жас жігіті Мұхаммед пайғамбарға (с.а.с.) тіл тигізіп, қамауға алынды. Бұл жайында E-ISLAM сайты sondakika.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.
Луба ас-Самри Израиль полициясы баспасөз хатшысы хабарлағандай, БАҚ беттерінде иудей жігітінің бейнежазбасы жарияланған. Луба ас-Самри полициясы бейнежазба Иерусалимде жазылғанын растап отыр.
Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. «Жұмыс жүргізіледі, қоғамның қауіпсіздігіне нұқсан келтірген қылмыскерлерге қатысты ешқандай жеңілдік жасамаймыз» деп баспасөз хатшысы уәде беруде.
Айта кетейік, бірнеше күн бұрын иудейлік әйел «әл-Ақса» мешітіне келіп, Мұхаммед пайғамбарға тіл тигізіп, лас сөздер айтқан. Әйелдің бұл әрекеті мұсылман қауымы тарапынан үлкен наразылық тудырды. Тыныштықты бұзған иудей әйелін құқыққорғау органы қамауға алды. Алайда, көп ұзамай полиция өкілдерінің әйелді еркіндікке қоя бергені белгілі болды.