Итті қолға үйретуден, жаттықтырудан ақша үнемдеудің тың тәсілі қолға алынды
Итті қолға үйретуден, жаттықтырудан ақша үнемдеудің тың тәсілі қолға алынды
6 жыл бұрын 2390 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі полицейлік иттерді қолға үйретуден, жаттықтырудан (дрссировка) ақша үнемдеудің өзгеше тәсілін қолға алды. Олар әбден қолға үйретілген, жаттықтырылған иттерді клондамақ. Бұл жайында China Daily ақпарат көзі хабар таратты. Сөз орайы келгенде айта кету керек, бір итті арнайы «оқытып-үйретуге» табаны күректей бес жыл кетеді екен. Жыл сайын бұл мақсатта ел билігі 500 мың юан шығын  жұмсайды. Оның өзінде, үлкен тәуекелмен. Өйткені, иісшіл иттердің іздегенін таба аларына сенім жоқ. Бұл істен ұту үшін Sinogene (Sinogene Biotechnology Co Ltd) биотехнологиялық компаниясы мен Юньнань ауыл шаруашылық университеті отанға қызмет етуде үлгі көрсеткен иттерді клондауға ден қоймақ. Ғалымдар бұл тәжірибені Хуахуаньма атты жеті жастағы куньминдік овчаркаға жүргізуден бастады. Бұл ит кісі өлімінің жетеуін ашқан ізшіл ит. Яғни, кісі өлтірген қылмыскерлерді ұстап берген ит. 2018 жылдың қыркүйек айында Sinogene қызметкерлері Хуахуаньма ДНК-сының үлгісін алып, ұрық жасап, оны бигля тұқымдасына орнатқан болатын. Нәтижесінде келесі жылдың қаңтар айының бас кезінде Кунксун атты күшік дүниеге келді. Тест нәтижесі көрсетіп бергендей, күшік 99,9 пайыз Хуахуаньмға ұқсас болып шыққан. Десе де клондау процедурасының қанша тұратыны құпия ұсталады.

0 пікір
Мұрағат