Итмұрынға тыйым салынды
Итмұрынға тыйым салынды
6 жыл бұрын 2859 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Финляндия билігі әжім торлаған итмұрынды (Rosa rugosa) зиянды өсімдіктер санатына жатқызып, оны импорттауға және экспорттауға, сондай-ақ, саудаға шығаруға қатаң тыйым салды. Бұл жайында Скандинавия түбегіндегі аталмыш елдің ауыл және орман шаруашылығы министрлігі өзінің сайтында мәлім етті. Мұндай тыйым өсімдік өсіруге өсіп-өнгеніне үш жыл өткен соң қолданысқа енеді. Әжім торлаған итмұрынды саябақтарда, бау-бақшада, т.б. жерлерде жоюды жоспарлап отыр. Аталған тыйымға сәйкес. Мамандардың сөзіне қарағанда, Rosa rugosa теңіз жағалауында кеңінен тарағандықтан жергілікті өсімдіктерді өсіп-өнуіне кедергі келтіреді. Финдляндияда итмұрынның тек осы түріне ғана тыйым салынғанын қайталап айтқымыз келеді. Бұдан бөлек, Финляндияда қазақ айтатын итқұстың (ит пен бөрінің шатасы) жарнамасына, саудасына және асырауға тыйым салынды. Қазіргі уақытта аталған ел аумағында шамамен мың жарым итқұс кездеседі.

0 пікір
Мұрағат