Италияның зейнетақы қоры: Енді 20 жылдан соң әрбір 3-ші тұрғын зейнеткер атанады
Италияның зейнетақы қоры: Енді 20 жылдан соң әрбір 3-ші тұрғын зейнеткер атанады
6 жыл бұрын 2849 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Италияның әлеуметтік қамсыздандыру қорының келтірген дерегіне қарағанда, қазіргі 15 жастан асқандар арасында қартаю процесінен елдегі әрбір үшінші тұрғын жиырма жылдан соң зейнеткер атанады. Бұл жайында Il Sole 24 Ore ақпарат көзі хабар таратты. Яғни, қартаю процесінен қарттарды күту, денсаулығы сыр бергендерін емдеу секілді басқа да шығындарды қоспағанда тек зейтекерлікке шыққандарды әлеуметтік төлеммен қамтамасыз етудің өзі ел бюджетіне орасан салмақ салады. Аталған кезең аралығында 15-64 жас аралығындағы еңбекке жарамды азаматтар қарасы 5 млн адамнан 33,7 млн адамға дейін кемиді. Ал жасы 65-тен асқандар саны өз кезегінде 5 млн адамнан 18,8 млн адамға дейін көбейеді. Яғни, зейнетақы төлеміне жұмсалатын шығын жалпы ішкі өнімнің 16-20 пайызға дейін артпақ. Нақтырақ санға шаққанда, зейнетақы қорының бюджетін 143 млн еуродан 297 млн еуроға дейін артады. 

0 пікір
Мұрағат