Италияда мешіттен тыс жерде намаз оқуға тыйым салынуы мүмкін
|

Италиядағы премьер-министр Жорж Мелони бастаған үкімет құрамындағы саяси партиялардың бірі мешіттен тыс жерде құлшылық етуге тыйым салу қарастырылған заң жобасын әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Global Village Space дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Италия бауырлары» партиясы қоймалар мен гараждарда намаз оқуға тыйым салу турасында ұсыныс білдірген. Римдегі Маглиана мешітінің имамы Сәми Сәлемнің айтуынша, аталмыш заң жобасы мұсылмандарды тікелей кемсітеді және Италия конституциясына қайшы келеді. Флоренция мұсылмандар көшбасшысы Иззеддин Елзире де заң жобасының діни азшылыққа тигізетін салдарына алаңдайды. Оппозициялық партиялардың депутаттары заң жобасымен келіспейтіндерін білдіріп, оның елдегі діни сенім бостандығына қайшы келетінін атап өтті.




