Италиядағы ислам ұйымдары мен қауым кеңесімен ортақ келісімге жуық уақытта қол қойылады.
Алайда, мұсылман дін қызметкерлерінің көпшілігі әзірге бұл ресми мәртебеге ие бола алмайды. Италияда тұрақтағанына 10 жылдан асқанымен имамдардың басым бөлігі әлі күнге азаматтық ала алмаған.
Жаңа келісімге сәйкес, азаматтығы жоқ дін қызметкерлері Италия ІІМ арнайы курсынан өтуі тиіс. Осы курсты нәтижелі аяқтаған имамдар «мәдениет қызметкері» мәртебесіне ие болады. Бұл өз кезегінде дін қызметкерін құқықтық жағынан қамтамасыз етеді. Осы статусқа ие имамдар ұдайы белгіленген уақыт аралығында біліктілікті арттыру курстарынан өтіп тұрады.