Ит еті фестивалі өтті
|
Жануарларды қорғау ұйымдары Қытайда жыл сайын өтетін ит еті фестиваліне тыйым салуды талап етіп, дабыл қаққанымен дәстүрге айналған шара ақыры өтіп тынды. Аталмыш шара кезінде он мыңдаған иттің еті желінеді. Қытайдар ит етінен түрлі ас мәзірін дайындайды. Иттерді соймас бұрын оларды бірнеше күн аш ұстайды. Әлсіреп, сояр кезде қарсылық көрсетпесі үшін. Әрі ашықтыру арқылы ішек-қарнын тазалап алатыны тағы бар. Артынан тірідей отқа қақтап, үйітеді. Осы фестивалге наразылық ретінде әлеуметтік желілерде науқан да ұйымдастырылғанын айта кету керек: #StopYulin2015 және #Enddogmeet хэштегтері – соңғы айда танымал болған жобалар.
Қытайлық әйел кәуәпқа айналатын 100-ге жуық ит пен мысықты сатып алды
Қытайдың Гуаньши өлкесі Уйлин қаласында Иаң Щяуюн есімді әйел ит базарынан жүзге жуық ит пен мысықты сатып алды.
Бұл туралы nur.kz порталы «Теңшунь» ақпараттық сайтына сілтеме жасай отырып, хабар таратты.
Темір торға қамалып, әне-міне кәуәпқа айналатын жануарларға жаны ашыған Иаң Щяуюн оларды сатып алуға 210 мың теңгедей ақша жұмсаған.Енді ол ит пен мысықтарын асырайтын арнайы жер іздеймін, — дейді.
Ит етін жеу Гуаньши өлкесінде қалыптасқан жергілікті салт. Бұл мереке жаз айларында тойланады, сөйтіп Қытайдың түкпір-түкпірінен әкелінген мыңдаған ит пен мысық базарларда сатылымға түседі.