Испанияда тұңғыш рет жалған ақпарат таратқаны - нәсілдік кемсітушілікке жол бергені үшін жазаланды
Испанияда тұңғыш рет жалған ақпарат таратқаны - нәсілдік кемсітушілікке жол бергені үшін жазаланды
2 жыл бұрын 838 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Jonas Leupe / Unsplash

Барселонаның Жоғарғы соты алғаш рет интернетте жалған ақпарат таратқаны үшін үкім шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы El Mundo ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, ер адам әлеуметтік желіде заңға томпақ келетін видео жаариялағаны үшін айыпты деп танылды. Сот шешімімен ол 15 ай бас бостандығынан айырылды, бес жылға дейін оқытушылық қызмет атқаруға тыйым салынды, бұдан бөлек, 1620 еуро мөлшерінде айыппұл салды. Сотта ер адам Қытайда түсірілген әйелге жасалған шабуылдың 45 секундтық видеосын өзінің Twitter парақшасында жариялағанын мойындады. Кадрларда ер адамның әйелді тепкілеп, ұрып, шалбарын шешпек болғанын, содан кейін оны  шашынан сүйреп жатқанын көруге болады. Видеоны Қытай билігі азаматтарды қылмыскерді іздеп табу тарту мақсатында жариялаған. Айыпталушы әйелге шабуыл жасаған марокколық кәмелетке толмаған мигрант екенін жазған. «Марокколықтардың бұл ақылсыз «тобырлары» туралы бұқаралық ақпарат құралдарында айтылмайды», - деп жазды ер адам Twitter-дегі парақшасында. Барселонаның Жоғарғы соты үкім «әлеуметтік жағынан осал азшылықтарға жала жапқаны» үшін шығарылғанын атап өтті. Сот үкіміне сәйкес сотталған адам екі айлық сынақ мерзімі ішінде заңға қайшы әрекетке бармаса, әлеуметтік желідегі парақшаларын жала жабу мақсатында пайдаланбаса, сондай-ақ, «теңдік қағидаларын ұстанса» бас бостандығын айыру жазасынан құтыла алады.

0 пікір
Мұрағат