|
Испания билігі тілші аяғынан шалып қорлаған босқынды паналатты
|
Естеріңізде болса, осыдан екі-үш күн бұрын N1TV телеарнасының тілшісі Петра Ласлоның бала көтерген сириялық босқынның аяғынан шалып құлатқаны жайында хабар таратқан едік. Бұл ақпарат әлем халқының ашу-ызасын тудырып, нәтижесінде тілші жұмыстан кеткен болатын. Адамгершілікке жат әрекеті үшін. Испания билігі венгрлік тілші аяғынан шалған сириялық босқын да бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әлем жұртшылығына танымал болды. Оның есімі – Осама Абдула Мохсен. Кейін белгілі болғандай, ол бұрын сириялық премьер-лиганың «әл-Фотува» футбол командасының жаттықтырушысы болып істеген. «Евроньюс» телеарнасының тілшілері хабарлағандай, сириялық босқынның басындағы жағдайды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы білген оның испандық әріптесі, нақтырақ айтқанда, Мадрид қаласы маңындағы Хетаф елді-мекеніндегі футбол жаттықтырушыларын дайындайтын ұлттық орталықтың бөлімшесі оған жұмыс тауып беруге уәде етті. «Осама мен оның ұлы Саидтың жолдары болды. Біз олар туралы БАҚ арқылы біліп, байланысқа шықтық», - деді Испанияның футбол жаттықтырушыларын дайындайтын ұлттық орталықтан Мигель Анхель Галан. Хетаф әкімшілігі Осама Мохсеннің қолына отбасына пәтер кілтін ұстатты. Әзірге оның отбасы Түркияда тұрып жатыр. Айта кетейік, Испания 17 мың сириялық босқынды қабылдауға әзір.