Исламофобтар мұсылмандарға қарсы жасанды зердені пайдалана бастады
Исламофобтар мұсылмандарға қарсы жасанды зердені пайдалана бастады
2 сағат бұрын 36 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. АІ генерациялаған видео скриншоты. Фото: aap.com.au

Австралияда Facebook әлеуметтік желісіндегі аккаунтта діни араздықты қоздыратын видео жарияланды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде aap.com.au ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Онда жергілікті мұсылмандар өз өміріне қанағаттанбай, Австралия билігіне мұсылмандарға ерекше жағдай тудыруды талап етіп жатыр. Тіпті, сондай видеолардың бірінде Австралия аумағында шариғат талаптарына сай дәмханалардың жетіспейтіндігіне шағымданған. Ал 1,6 қаралым жинаған тағы ьір видеода ниқаб киген әйелдің Австралияға келгенде үлкен қиындықпен бетпе-кет келгенін әрі дүкен сөрелерінде доңыз еті самсап тұрғанын мәлімдеген. Тексере келгенде аталған әлемжелідегі парақша Шри-Ланкадан жүргіізілгені анықталды. Ондағы видеолардың жасанды зерде көмегімен жасалғандығы да белгілі болды. Австриялықтар мен мұсылмандар арасына жік салу үшін.

0 пікір
Мұрағат