Исламофобтар енді ВВС-ті айыптай бастады
Исламофобтар енді ВВС-ті айыптай бастады
8 жыл бұрын 3685 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өз алдына тұтас бір империя құра білген, әлемге әйгілі ВВС компаниясы да исламофобтардың шабуылына ұшырады. Нақтырақ айтқанда, исламофобтар Еуропа мен Ұлыбританияға исламның тарала бастағынының бір себебін аталған компаниядан көріп отыр. Ғаламторда аталмыш компанияны айыптаған петицияға қол жинауда. Петицияда алдыңғы қатарлы компанияның жаңалықтар бөлімін христиандыққа қарсы саясат ұстанып отырғаны айтылған. Осы петицияны ұйымдастырғандар Ұлыбритания билігінен аталған компанияның басқару жүйесі мен хабар тарату саясатына қатысты дереу тексеру жүргізуді және жаңалықтар тарату лицензиясы мен оның төлеміне қатысты шарттарды қайта қарастыруды талап етуде. Исламофоб белсенділерінің бұлайша шала бүлінуіне ВВС-тың діни мәселелермен айналысатын қызметіне Фатима Салари есімді мұсылман адамның тағайындалуы себеп болуы мүмкін. Айта кетейік, осы қызметтің бұрынғы жетекшісі де мұсылман болатын. Фатима Салари өткен жылы құзыреттік мерзімі аяқталған Аквил Ахметтің орнына тағайындалған болатын. 

0 пікір
Мұрағат