Исламофобқа мұсылмандар қалай жауап қайтарады?
Исламофобқа мұсылмандар қалай жауап қайтарады?
10 жыл бұрын 2949

Естеріңізде болса, өткен аптада жуырда тегі жапондық чех саясаткері Томио Окамураның жұртты мешіттер маңында итпен және доңызбен серуендеуге шақырғаны турасында хабарлаған болатынбыз. Осыған байланысты өткен жұмада, яғни, қаңтар айының 9-ы күні мұсылмандарды қолдауға арналған акция өтті. Аталмыш акцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, саясаткерсымақтың аузынан шыққан жалаға осылайша тойтарыс бермек. «Тура демократия арайы» деп аталатын ультраоңшыл партия өкілі Томио Окамура кебаб сатушыларға (әдетте кебаб саудасымен мұсылмандар айналысады – ред.) терроризмді қаржыландырып отыр деп, мұсылман жамағатына жала жапқан еді. «Томиоға арналған кебаб» деп аталатын акция барысында мұсылмандардың сауда орындары мен халал мейрамханалар қожайындары «террористерді қаржыландырып отыр» деген қисынсыз мәлімдеме жасап, байкот жариялауды ұсынған Томио Окамураның діни араздық пен анық арандатуға бастайтын бұл қадамына қайырымдылық шарасы арқылы жауап бермек. Айта кетейік, он миллионнан аса халқы бар Чехияда 15 000-ға тарта мұсылман жамағаты наным-сенімі өзге тұрғындармен тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

0 пікір
Мұрағат