Исламофобиямен күресудің өзгеше, тың, ең бастысы – күлкілі тәсілі ойлап табылды (ВИДЕО)
Исламофобиямен күресудің өзгеше, тың, ең бастысы – күлкілі тәсілі ойлап табылды (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 2749

АҚШ-тағы Америка-ислам қатынасы жөніндегі кеңес (CAIR) батыс елдерін жайлап алған ислам жайындағы жаңсақ ұғымнан пайда болған әлеуметтік жат әдеттің, яғни, исламофбияның алдын алу үшін онымен күресудің өзгеше бастамаға құрылған бағдарламасын қабылдады. Аталмыш акция исламофобиядан айықтыратын дәріні жарнамалайтын сатирикалық роликті қамтиды. Нақтырақ айтқанда, исламофобияға қарсы дәрі дегені – қант қосылмаған кәдімгі сағыз. Оны «Facebook» әлеуметтік желісінде «CAIR» компаниясының парағы арқылы тапсырыс беріп, сатып алуға болады. Сыртында «исламофобина» деп жазылған «дәріні» «созылмалы исламофобия симптомын жеңілдету үшін» пайдалануға болады. Сондай-ақ, оның сыртында бұл ғажайып «дәрінің» көзсіз фанатизмнен, жөнсіз үрейден, ессіз жауығу сезімінен «емдейтін» қасиеті турасында жазылған. Мұсылмандардың осы елдегі аталмыш ұйым өкілдері осындай қатаңдау шара арқылы исламофобтардың сәл де болса бетін қайтаратындарына үміт артып отыр.

 

0 пікір
Мұрағат