|
Исламофобиямен күресу күн тәртібінде тұр
|
Желтоқсан айының 21-і күні Сауд Арабиясындағы Жидда қаласында өтетін Ислам ынтымақтастық ұйымының алқалы жиынына аталған ұйымға мүше елдердің ақпарат министрлері қатысады. Олар әлемді шарпыған исламофобиялық жат құбылыспен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы күресудің жолдарын, дәлірегі, осы бағыттағы 2025 жылға дейінгі медиастратегияны талқылайтын болады. Нақтырақ айтқанда, министрлер әлем бойынша ислам мен мұсылмандардың исламофобтар тарапынан нұқсан келтірілген имиджін қалпына келтірудің әдіс-тәсілдерін әзірлеп, бекітумен шұғылданады.