|
"Исламофобиямен бүкіл әлемдік күрес күнін" белгілеуді ұсынды
|
Білім беру, ғылым және мәдениет жөніндегі ислам ұйымы (ISESCO) Жаңа Зеландияның екі мешітінде теракті орын алған күнді, дәлірегі, наурыздың 15-сін исламофобияға қарсы бүкіл әлемдік күрес күні етіп белгілеуді ұсынды. ISESCO жетекшісі Әбдіәзіз бин Осман әт-Тубейжири өзінің жазбаша мәлімдемесінде күллі әлем бойынша мұсылмандарға қарсы арандатушылық әрекеттің өршіп кеткеніне алаңдаушылық білдірген. Бұл кері тенденция өз кезегінде ислам әлемінен тысқа елдерде өмір сүріп жатқан мұсылмандардың қауіпсіздігіне қатер төндіріп, құқығының бұзылуына апарып соқтыруда. Осылай дей келе ол Біріккен Ұлттар Ұйымына әлгіндей ұсыныс білдірді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...