Исламофобияға қарсы бүкіл әлемдік күрес күні бекітілді
Исламофобияға қарсы бүкіл әлемдік күрес күні бекітілді
3 жыл бұрын 1694 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Binti Malu

Біріккен Ұлттар Ұйымы Ислам ынтымақтастық ұйымы мен Пәкістан бірігіп көтерген бастама негізінде наурыз айының 15-і күнін Хлықаралық исламофобиямен күрес күні ретінде белгілеп, бекітті. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. БҰҰ-ның исі мұсылман үшін маңызы зор аталмыш қарары әлемді шулатқан Жаңа Зеландиядағы мұсылмандарға қарсы экстремистің әрекетінен кейін екі жыл өткен соң қабылданып отыр. Сол терактіде қаскүнемнің қолынан 50-ден аса адам көз жұмған еді. Бұл қантөгіске әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының солақай саясаткерлердің айдап салуымен мұсылмандарға қарсы науқаны да себеп болды. Атталмыш қарар жобасын ұсынған Пәкістанның БҰҰ-дағы елшісі Мүнир Әкрамның айтуынша,  исламофобия бүгінгі күннің шындығына айналып отыр, аталған әлеуметтік жат құбылыс араздық пен арандатуға, мұсылмандарды кемсітушілікке бастайтын тенденция. Бұл тенденциядан әлемнің әр түкпірінде адам құқығы өрескел бұзылып, олардың наным-сенім бостандығына қол сұғылып отыр. Осылай деген ол сөзінің соңында БҰҰ-ның наным-сенім бостандығына қатысты мәселелермен айналысатын арнайы баяндамашының мұсылмандарға қарсы үрей мен наразылықтың эпидемиялық сипат алғаны турасындағы сөзін келтірді. Исламофобияның гендерлік аспектісіне де тоқталды: шариғат шәлісін жамылған әйелдерге теріс көзқарас, жаңсақ ұғым қалыптасқан. Нәтижесінде исламофобтардан жәбір-жапа көрген мұсылман әйелдер қарасы көбейген. Өкінішке қарай, исламофобиялық секілді қоғамға жат құбылыстың қалыптасуына дінді атүсті түсінетін түрлі ағымдардың да атсалысып отырғанын айта кету керек. 

0 пікір
Мұрағат