Ислами қаржы саласын бақылайтын шариғи орган құрылды
Ислами қаржы саласын бақылайтын шариғи орган құрылды
10 жыл бұрын 2832

Оман сұлтанатының Орталық банкі осы елдің ислами банк секторындағы жұмыстың барысын қадағлайтын шариғи орган құрылды. Бұл жайында The Express Tribune ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш кеңестің құрамына бес ғалым кірген. Олар қаржы мекмелерінің атқарып жатқан жұмысының шариғат талаптарына қаншалықты сәйкес келетінін ауық-ауық тексеріп отыратын болады. Яғни, қаржының жымқырылуына, алаяқтыққа, өсімқорлыққа, т.б. өзге де дінімзге қайшы келеңсіздіктерге жол бермейді. Айта кетерлігі, Оман ислами қаржы саласының құқықтық негізін 2012 жылы әзірлеген болатын. Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесіне мүше бес мемлекет те бұл тәжірибені жүзеге асыруда. Сондай-ақ, Малайзия да, Пәкістан да, Марокко және Нигерия да осындай қадамға барып отыр. Осынау үлгіден бір айырмащылығы – Парсы шығанағы елдерінің көбісінде ислами қаржы мекемелерінде мұндай орган жоқ.

0 пікір
Мұрағат