Ислами қаржы өзінің ережесімен ғана емес, басқа да жағынан өзге қаржы секторларынан ерекшеленетін болады
Ислами қаржы өзінің ережесімен ғана емес, басқа да жағынан өзге қаржы секторларынан ерекшеленетін болады
7 жыл бұрын 2977 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Көп ұзамай ислами қаржы секторы әдеттегі қаржы саласынан тек ережесімен ғана емес, сонымен қатар, нарықтағы өсу қарқынымен де ерекшеленетін болады. Moody’s Investors Service зерттеушілер осындай тұжырымға келіп отыр. Бұған ислами қаржы секторын дамытуға мүдделі елдердің билігі де қолдау білдіретіні өз септігін тигізетінін алға тартты Moody’s Investors Service сарапшысы Нитиш Бходжнагарвала. Ал New Telegraph Online таратқан ақпаратқа қарағанда, ислами сақтандыру Оңтүстік-шығыс Азия мен Африка құрлығының солтүстігінде кеңінен енгізіледі. Бұл да өз кезегінде ислами қаржы индустриясының дамуына ықпал етеді. Сарапшының айтуынша, ислами банкингтің Парсы шығанағы елдері ынтымақтастығының кеңесіне мүше мемлекеттерде қолданылу аясы 45%-ға артқан. Өткен жылдың банк секторындағы жалпы мөлшерге шаққанда.

0 пікір
Мұрағат