Исламға тіл тигізгені үшін он жылға бас бостандығынан айырылды
Исламға тіл тигізгені үшін он жылға бас бостандығынан айырылды
6 жыл бұрын 2423 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Малайзияда ел азаматы әлеуметтік желіде исламды қаралағаны үшін жауапкершілікке тартылып, жаза тағайындалды. Дәлірегі, айыпты тұлға өмірінің он жылын темір тордың аржағында өткізетін болды. Айыпталушы өз кінәсін мойындаған. Аталмыш ел полициясының бас инспекторы  Тан Сри Мұхаммед Фузи Харун осыған байланысты ел тұрғындарын әлеуметтік желіні немесе өзге де коммуникациялық желіні жалған ақпаратпен толтырып, таратпауға, елді арандатпауға, адамдарды діни және нәсілдік жікке бөлмеуге шақырды. Сөз орайы келгенде айта кету керек, өткен аптада аталмыш елдің ислам істері жөніндегі департаменті ислам мен пайғамбарымызға (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) тіл тигізетін жазбалардың болмауын қадағалап отыратын әлеуметтік желі мониторингісін жүргізетін арнайы бөлімше құрылатынын жария еткен болатын. 

0 пікір
Мұрағат