|
Исламға жала жапқан тағы бір саясаткер партиядан шығарылды
|
Британ саясаткері, консервативтер партиясының мүшесі Дэвид Бишоп Twitter әлеуметтік желісінде асыл дінімізді қаралағаны үшін партия қатарынан шығып қалды. Ол Эксес графтығына қарайтын Брентвуд қалалық кеңесінің мүшелігіне сайлауға түсуге ниет білдірген болатын. Аузынан қағынып, бұл мүмкіндіктен де айырылды. Артынан бұл қылығына өкінетінін білдіргенімен оған кері оралуға мүмкіндік беретін есік тарс жабылған еді.
Осының алдында осы елдегі тәуелсіз партияның мүшесі Гарри Перридің Facebook әлеуметтік желісінде ислам дініне жала жапқаны үшін партия қатарынан шығарылғанын хабарлаған едік.
Дэвид Бишоптың бұдан сабақ алмағаны өкінішті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді