Исламды қабылдағаны үшін тұтқындалды
Исламды қабылдағаны үшін тұтқындалды
2 жыл бұрын 1330 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Пәкістанның Хайбар-Пахтунба провинциясында сикх қауымы Дина Құмар есімді жергілікті мұғалімнің үстінен исламды қабылдағаны үшін полицияға шағымданып, оның тұтқындалуына ықпал еткен. Бұл жайында islam.kz порталы Pakistan Today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Дина Құмар (бұл есімді исламды қабылдағаннан кейін таңдаған – ред.) сикхтықтан бас тартып, исламды қабылдап, Хизбулла есімді жергілікті жігітке тұрмысқа шыққан. Динаның ата-анасы қыздарының бұл әрекетіне наразылық білдіріп, полицияға шығам түсірген. Олардың айтуынша, қыздарын күштеп әкетіп, исламға күштеп кіргізген. Алайда, Дина сотта өзінің ересек адам екенін, бұл қадамға саналы түрде барғанын, жүрек қалауымен исламды қабылдағанын мәлімдеді. Бұдан бөлек, өзін ата-анасы күштеп ұстап отырғанын әрі күйеуімен бірге өмір сүргісі келетінін де жасырмады. Мұның арты сикхтердің тәртіпсіздігіне ұласып, осының кесірінен бір адам көз жұмды. Осыған ұқсас жағдай Үндістанның мұсылмандар қарасы көп Уттар-Прадеш штатында да орын алғанын айта кетпекпіз. Ақылға сыймайтын, көңілге қонбайтын жағдай орын алды: Фирузабада Пхулан Сингх есімді үнді наным-сеніміндегі 25 жастағы жігіт 15 жастағы үнді наным-сеніміндегі бойжеткенді алып қашып, жергілікті мешіттердің біріндегі имамға өздерінің некесін мәжбүрлеп қидырған. Siasat дерек көзінің жазуынша, имам Шамим әуел баста наным-сенімі бөлек адамдардың некесін қимайтынын айтып, бас тартқанымен Фирузабада Пхулан Сингх имамды бопсалап, қорқытуға көшкен. Амалы құрыған имам неке қиятын түр көрсетіп, жоралғысын жасап жатқанда үстінен сау етіп полиция түседі. Алдымен имамды тұтқындайды. «Күштеп исламды таңды» деген жалған айыппен. Үндістан заңнамасында қарастырылған талаптар бойынша неке қидырушы адам исламды қабылдаса, оның үстінен қылмыстық іс қозғалады. Дәлірегі, исламды қабылдау үшін некелескен болса, қылмыстық жауапкершілік қарастырылады. Кейін анықталғандай, үнді жігіт қалыңдығын құлдыққа сату үшін неке қидырғысы келген, тіпті, сатып алатын адамды да тауып қойғаны белгілі болды. Әлі күнге полиция имам Шамимды күдікті ретінде танып отыр, дәлірегі, имам тергеуде жатыр. Осылайша имам Шамим полицияның бассыздығы мен исламофобияның құрбанына айналды.

0 пікір
Мұрағат