Исламды қабылдаған француз әйел имамды да жылатты (ВИДЕО)
Исламды қабылдаған француз әйел имамды да жылатты (ВИДЕО)
9 жыл бұрын 8765

Исламды қабылдаған француз бойжеткені шейх әл-Кандариді жылатты. Ол алғаш рет қасиетті Құранды тыңдаған сәтін есіне алып, Жаратқан Иенің өзіне кітабы арқылы тіл қатқанын жеткізді. Тура жолға қалай түскенін баяндай келе көз жасына ерік берген бойжеткеннің әсерлі әңгімесіне көңілі босаған имам да қосыла жылады. Ол ол ма, түсіру тобы да көз жастарына ие бола алмады. «Анау-мынауға мойымайтын мен сирек жылаймын. Қиындықты еңсеріп қана қоймай, өзгелеріне де аяғынан тік тұрып кетуіне көмектесемін. Мен Жаратушы иемсіз ешкім емес екенімді сездім»,- деді ол ағынан ақтарылып. «Мен Оның құдіреті күшті Құдайым екенін ұқтым. Исламсыз өмірімнің мағынасы бомас еді»,- деді ол сөзін сабақтап. Шейх Кандари оның сөзін қоштамақ болып үн қатқысы келіп еді, көз жасына тұншығып, сөйлей алмады. 

0 пікір
Мұрағат