Исламды қабылдаған аса қауіпті қылмыскер өлім жазасы қарсаңында ерекше өтінішін жеткізді
Исламды қабылдаған аса қауіпті қылмыскер өлім жазасы қарсаңында ерекше өтінішін жеткізді
6 жыл бұрын 3327 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың Алабама штатының сотына аса қауіпті қылмыскердің қорғаушысы өтініш түсірді. Өлім жазасына кесілген қорғауындағы 42 жастағы Доминик Рэйдің атынан. 15 жастағы үш жасөспірімді пышақтап өлтіргені үшін 1995 жылғы үкім бойынша осы жылдың ақпан айының 7-сі күні  жүзеге асырылуы тиіс өзіне кесілген өлім жазасы кезінде жанында христиан капелланы емес, имамның болғанын қалайды. Алайда, оның бұл өтінішін түрме әкімшілігі елемеген. Ол ол ма, оған өлім жазасы кезінде жанында діни қызметкерден бас тартуға үгіттеген. Бұл жайында The Independent ақпарат көзі хабар таратты. Темір тордың аржағында жатып тура жолға түсіп, Хакім есімін иеленген ол өзінің конституциямен кепілдік етілген ар-ождан бостандығына қатысты құқығы аяқ асты болғанын мәлімдеді. Өлім жазасы ине салу (иньекция) бойынша жүзеге асырылады.

0 пікір
Мұрағат