Ислам ынтымақтастығы ұйымының басшысы отставкаға кетті
Ислам ынтымақтастығы ұйымының басшысы отставкаға кетті
8 жыл бұрын 3214 inform.kz Ияд Мадани

Ислам ынтымақтастығы ұйымының басшысы саудиялық Ияд Мадани Египет президенті Абдель-Фаттах Сисиге қатысты айтқан әзіл әңгімесі ел билігінің ашу-ызасын туғызған соң отставкаға кетті.

Бұл туралы ресейлік Би-би-си хабарлады. Ислам ынтымақтастығы ұйымының ресми мәлімдемесінде Иядтың денсаулық жағдайына байланысты басшылықтан кетіп бара жатқаны айтылған.

Осыған дейін Мадани Египет елінен кешірім сұрап, өзінің ешкімнің ар-намысына тиюге ниеті болмағандығын айтқан.

Египеттің Сыртқы істер министрлігі бұл әрекетті ұйымның негізін қалаушылардың біріне қатысты жасалған өте зор тәртіп бұзушылық деп есептейтіндіктерін жеткізді.

Мадани осыған дейін Тунис президенті ас-Себсиді Египет басшысы ас-Сисидің тегімен атап жіберді. Өзінің осы әрекетін жуып-шаю үшін ол оның тоңазытқышына «судан басқа да нәрселер бар екеніне сенімдімін» деген болатын.

Осылайша, ол Египет президентінің жақында ғана «өзінің тоңазытқышында «10 жыл бойы судан басқа ештеңе болмағаны» туралы мәлімдемесіне астарлап назар аударған болатын.

0 пікір
Мұрағат