Ислам әлемінің инттеллектуалды элитасы «Мекке декларациясының» тиімділігін сараптады
Ислам әлемінің инттеллектуалды элитасы «Мекке декларациясының» тиімділігін сараптады
3 жыл бұрын 2001 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Марокко астанасында «Мекке декларациясы: жетістіктер мен перспектива» деп аталатын симпозиум өз жұмысын аяқтады. Бұл жайында islam.kz порталы ArabNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүкіл әлемдік мұсылман лигасы (MWL)  мен ислам әлемінің ағартушылық, ғылыми және мәдени ұйымы (ICESCO) өткізген алқалы жиын барысында әлемнің әр түкпірінен атсалысқан ислам әлемінің бетке ұстар беделді жетекшілері 2019 жылы қол қойылған «Мекке декларациясының ( وثيقة مكة المكرمة )» тиімділігін сараптады. Аталмыш құжат бірыңғайда осыдан 14 ғасыр бұрын Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) өзі бас-көз болып қабылдаған, сол кездегі Мәдина қоғамының, Мәдина жұртының діни және мәдени ерекшеліктері ескерілген «Мәдина декларациясының» осы заманғы жалғасы іспетті маңызды құжат саналады. «Мекке декларациясына» әлемнің 139 елінен әрі 27 дінтану мектебінен 1200-нан аса ғалым, 4500 мұсылман интеллегенциясының өкілі қол қойған еді. MWL жетекшісі Мұхаммед бин Әбдікәрім әл-Иссаның айтуынша, бұл құжатта мәдени әралуандылыққа құрмет көрсету мен өзге наным-сенім өкілдерімен тату-тәтті тұру, ынтымақтастық орнату секілді маңызды ұғымдар қамтылған. Сондай-ақ, ол аталмыш құжатта бүгінгі күннің дертіне айналған жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың барлық түрімен күреске де, қоршаған ортаны қорғауға, т.б. мән берілгенін жеткізді.

0 пікір
Мұрағат