ИСИМ: Қағбаны құлатамыз!
ИСИМ: Қағбаны құлатамыз!
10 жыл бұрын 5831 dunya.bugun.com.tr/

Ирак және Сирия ислам мемлекеті (ИСИМ) террористік ұйымы әл-Анбар қаласы арқылы Сауд Арабия қалаларын бақылауына алып, Қағбаны құлататындығын мәлімдеді. Олардың айтуынша, Қағбадағы қара тасты сүю, оны ұстау Аллаға серік қосу болып табылады-мыс. Бұл сонда қандай мұсылмандық, қандай жиһад болғаны?

Ирак және Сирия ислам мемлекеті тобының бір белсендісі Меккедегі Қағбаны құлататынын айтып былай деді: «Алланың қалауымен, шейхымыз әл-Бағдадидің бастамасымен Қағбадағы қара тасты тәуап етушілерді (қажыларды) өлтіреміз және Қағбаны да жоқ қыламыз».

Әбу Ахмад әл-Мұқаддаси атты бір террорист өзінің twitter парақшасында мынадай жазба жариялапты:  

Адамдар Аллаға емес тастарға құлдық ұруға Меккеге барып жатыр. Алланың атымен ант етейін, егер біз Сауд Арабияны жаулап алсақ, онда Алладан басқаға құлшылық еттіргені үшін Қағбаны құлатамыз».

6 пікір
  • Астаһфируллах, Ұлы Жаратушымыз жіберген қасиетті дінімізге біліп-білмей, мүмкін әдейі осылай жік салушылар мен Қасиетті Қағбамызға тіл тигізген осындай исимдік содырларға Аллаһтың нағлеті жаусын!
    10 жыл бұрын
  • Алла мұндайлардың жолын байлап тастасын! Қағбаға апарар жолдан қайта-қайта адаса берсін деп тілеймін!
    10 жыл бұрын
  • Allahym olarga sana bere kor. Tuzu jolga salyp imanga keltire kor.
    10 жыл бұрын
  • Ақырзаман белгілерінің бірі ғой!
    10 жыл бұрын
  • Жоғарыда мақалада жазылған Қағбаны қиратамыз,хажылыққа барғандарды өлтіреміз деген сөздері рас болса ол нағыз жауыздық.Жазықсыз адамдарды өлтіруге болады деп есептеу нағыз адасушылықтың көрнісі.
    10 жыл бұрын
Мұрағат