ИСИМ-ге қашқан қызтеке мен трансвестит психикалық емханаға жатқызылды
ИСИМ-ге қашқан қызтеке мен трансвестит психикалық емханаға жатқызылды
9 жыл бұрын 3816 Шурик, фильмнен үзінді көрініс

«Камчатка өңірінің діни бірлестігі» деп аталатын дінаралық ұйымның жетекшісі Башир Баширов LifeNews ақпарат көзінің тілшісіне ИСИМ содырларына барып қосылмақшы болған трансвеститтер Алексей мен Виктор (Виктория) турасында түсінік берді. Ол өз сөзінде трансвеститтердің жергілікті мұсылман жамағатына қандай да бір қатысы жоғын жеткізді. «Олар алғаш рет осыдан шамамен жарты жыл бұрын мешітке келіп, ерлі-зайыпты ретінде өздерін таныстырды. Мешіттің есігі барлығына ашық, ешкімге жауып отыра алмаймыз! Біз оларға ислам дінін енді қабылдаған мұсылман ретінде қарадық, олардығ ондай екенін кім білген. Қалай білесің? «Ол» шариғат шәлісін жамылған, түр-тұлғасы әйел адамға келеді, ерлерден бөлек отырды. Олар бірнеше рет жамағатпен намаз оқыды. Содан кейін ғаламтор арқылы біреулермен тілдесіп, радикалды көңіл күйге берілді. Бізді «саф исламнан» алыс екенімізді айтып, айыптаумен болды. Мен өзім олардың көзқарасын түзеуге тырыстым, алайда еңбегім еш кетті. Олар мешітке келуді қойды. Жүрген жерлерінде бізді «адасқандар» деп жайып жүрді»,- деді Башир Баширов. Оның айтуынша, жергілікті мұсылман жамағаты олардың трансвестит екенін білгенде естерінен танып қала жаздаған. Бұл аралықта Алексей мен Виктория олармен арадағы қарым-қатынасын үзіп үлгерген еді. Олардың сондай білген соң дінаралық ұйым оларды мешітке кіргізбеу жөнінде шешім қабылдаған. «Олар діни ұйымның мүшесі емес»,- деді аталмыш ұйымның жетекшісі сөзін сабақтап. Артынан белгілі болғандай, трансвеститтер ақша табу үшін ИСИМ содырларына барып қосылмақ болған. Бұл жоспарларын жүзеге асыру үшін алдымен Дағыстанға жетіп алмақ болады. Олар ұшар алдында әуежайда қолға түсті. Қазіргі уақытта олар психикалық емханада жатыр.

0 пікір
Мұрағат