|
Иса (а.с.) пайғамбардың карикатурасын жасаған азамат сотталуы мүмкін
|
Ресей Федерациясының Ижевск елді-мекенінің 23 жастағы Тимур Шоев есімді тұрғыны христиандармен қатар мұсылмандар да қастер тұтатын Иса (а.с.) пайғамбардың карикатурасын жасап, ғаламторға жариялағаны үшін сотталуы мүмкін. Удмуртия прокуратурасының хабарына қарағанда, Иса пайғаамбардың (р.а.) карикатурасы қаңтар айының 7-і күні ғаламторға орналастырылған болатын. Осыдан шамамен жарты жыл бұрын Ресей Федерациясының сотымен экстремистік сарындағы материал ретінде танылған еді. Тек карикатурамен шектелмеген жігіт православтарға тіл тигізген екен. Діни араздыққа жол ашатын әрекетке барғаны үшін жас жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Оған 100 мың рубл мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін немесе төрт жылға бас бостандығынан айырылады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу шығыстағы шиеленістен көл-көсір пайда көрген ел аталды
■
Араб елі ағза донорлығы туралы декларацияны оңтайландыру үшін цифрлы платформа енгізеді
■
Қазіргі дағдарыстың бұрынғы дағдарыстардан айырмашылығы немесе қаупі неде
■
Үндістанда мемлекеттік шекараны қолтырауындармен және жыландармен қорғау туралы бастама көтерілді
■
Жапония қару-жарақ сауда-саттығының ережесін өзгертеді