Ірі қалаларда озон қабаты ыдырап барады
Ірі қалаларда озон қабаты ыдырап барады
7 жыл бұрын 6408

Халықаралық бір топ ғалым ауаны кейбір химиялық заттармен ластауға тыйым салатын экологиялық заңдардың көмегі болмай тұрғанын анықтады. Ірі қалалардағы ауаның озон қабаты жылдан жылға ыдырап барады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. 

Қазірге дейін зерттеушілер озон қабатының ыдырауына басты екі себеп барын анықтады. Ғалымдар бірінші себеп климаттың жылынуы екенін айтады. Жылыну әсіресе үлкен қалаларда ауаның дұрыс айналуына кедергі келтіреді. Екінші себеп – химиялық заттар. Олар ауада ыдырап, озон қабатына зиян келтіреді. Мұндай заттар бояу езгіштің құрамында бар.

Былтыр маусымда АҚШ президенті Дональд Трамп климат жөніндегі Париж келісімінен шығатынын жариялаған. Ол сонымен қатар ғаламдық жылыну теориясын «ойдан шығарылған» деп атаған. АҚШ президентінің шешімін көп елдің басшылары сынаған.

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның мәліметінше, 2017 жыл тарихқа ең жылы жылдардың бірі ретінде енген. Зерттеушілер ауадағы көмірқышқыл газының көлемі ұлғайып, ал теңіз деңгейі көтеріліп бара жатқанын айтады.

0 пікір
Мұрағат