Ірі державалар сирек металдар бойынша Қытайға тәуелділікті еңсерудің жолдарын қарастырып жатыр
Ірі державалар сирек металдар бойынша Қытайға тәуелділікті еңсерудің жолдарын қарастырып жатыр
5 ай бұрын 883 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай табиғатта сирек кездесетін металдар (ТСКМ) нарығының көп бөлігін бақылайды. Дәлірегі, қазіргі уақытта аталмыш мемлекетке табиғатта сирек кездесетін металдардың әлемдік өндірісінің 70% -ға жуығы және қайта өңдеделітінінің 85% -ы тиесілі. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бейжіңнің Америка құрама штаттарының тарифтік саясатына байланысты ТСКМ экспортын шектеу шарасы халықаралық қауымдастық тарапынан қатаң сынға ұшырады әрі ірі державалар Қытайға бұл саладағы тәуелділігін еңсеру бағытында елеулі қадамдар жасады. Америка мен Қытай арасындағы бәсекелестікте Қытайдың көзіріне айналған ТСКМ импортынан құтылу үшін америкалықтар өткен жылы өз ТСКМ индустриясын дамыту үшін қазынадан 1 млрд доллар қаражат бөліп, арнайы REEShore Act заңын қабылдауға мәжбүр болды. Бұған қоса, кей елдер ТСКМ-нің жеткізу тізбегін әртараптандыруға басымдық бермек. Мәселен, ТСКМ-нің мол қоры бар Австралияның қор нарығына тіркелген St George Mining компаниясы өзінің Бразилиядағы AraxA ниобий және сирек кездесетін жер элементтерін өндіру жөніндегі жобасында пайдалы қазбаларды байыту аймақтарын анықтай бастады. Жаһандық нарықтың кейбір ойыншылары қазірдің өзінде Қытайға ТСКМ бойынша тәуелділікті төмендетуде едәуір жетістікке жетті. Жапония австралиялық Lynas Corporation компаниясымен ынтымақтасып, инвестиция құйып, қытайдағы ТСКМ импорт үлесін 90% -дан 60% -ға дейін азайтты. АҚШ-қа келсек, 2024 жылы Калифорниядағы MP Materials компаниясының Mountain Pass шахтасы 45 000 тоннадан астам сирек металдар оксидін өндірді. Техаста неодимді магниттер өндірісі іске қосылды. Массачусетстегі Phoenix Tailings стартабы БМР алу үшін қалдықтарды экологиялық жолмен өңдеу жобасын әзірлеуде. Сондай-ақ, әлемдегі үшінші ірі қоры бар Бразилия да бар - ол ТСКМ-нің ірі жеткізушілер қатарына кіруге ұмтылуда. Екі апта бұрын америкалық Kaz Resources және Cove Kaz Capital компаниялары Қазақстанның ұлттық геологиялық компаниясымен «Ақбұлақ» сирек кездесетін жер элементтері жобасында барлау және металлургиялық сынақтар жүргізу бойынша серіктестік туралы мәлімдеме жасаған болатын. Гренландияның оңтүстігіндегі сирек кездесетін жер элементтері жобасын қаржыландыру үшін Nasdaq компаниясына тіркелген Critical Metals Corp компаниясы маусым айында АҚШ-тың экспорт-импорт банкінен 120 миллион АҚШ долларына дейін несие алғанын мәлімдеді. Мамыр айында Австралияда тіркелген Lynas Rare Earth компаниясы Малайзияда диспрозия оксидін өндіретінін мәлімдеді. Осылайша бұл қадам аталмыш компанияны «Қытайдан тыс жерде табиғатта сирек кездесетін өнімдердің жалғыз коммерциялық өндірушісіне» айналдырады. Шілде айының басында Times of India мерзімді басылымында Үндістан билігі таабиғатта сирек кездесетін жер металдарының өндірісін арттыру үшін 35 миллиард (408 миллион доллар) пен 50 миллиард рупий арасында инвестиция құятыны хабарланды. Мамыр айында АҚШ пен Украина минералдар жөніндегі келісімге қол қойды. Австралияда Earth Rarest зерттеу фирмасы бұл елдің әлемдегі жеңіл сирек жер металдарының екінші ең ірі көзіне айналуы мүмкін екенін айтты - мемлекет неодиим мен празеодимнің 15-20 пайызын қамтамасыз етуі ықтимал - Қытайды қоспағанда. Алайда, аталмыш ел барлық 17 элемент бойынша Қытайды "толық алмастыре алмайтынын" ескертті.

Табиғатта сирек кездесетін металдар (БЖМ) бұл лантаннан лютецке дейінгі 17 элементті қамтиды. Олар өндіріс индустриясы мен электроника өндірісінің «қанына» айналды. Мәселен, скандий - 5G үшін жоғары жиілікті сүзгілердің негізі - смартфондардан бастап базалық стансаларға дейін қолданылады. Диспрозий неодим магниттерді жоғары температураға төзімді етеді, бұл элемент  электрмен жүретін көліктер үшін маңызды рөл ойнайды. Гадолиний HDD материалдарының қасиеттерін жақсартады, ал тербий экрандар мен шамдарға арналған люминофорлар өндірісінде қолданылады. Әрине, бұл элементтерді пайдалану ауқымы едәуір кең. Соның ішінде, чиптер, турбиналар, спутниктер (жасанды жер серігі), тіпті, ядролық реакторлар өндірісі, т.б.

0 пікір
Мұрағат