Иранның «қысқа мерзімді» бағы «ұзақ мерзімді» сорына айналуы мүмкін
Иранның «қысқа мерзімді» бағы «ұзақ мерзімді» сорына айналуы мүмкін
2 жыл бұрын 1100 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әлемдегі ең танымал тағам қоспаларының бірі – шафранның бағасы нарықта тарихи рекорд орнатты. Иран аумағында өніп-өсетін өсімдіктің бір келісі сол елдің өзінде 1400 доллардан сатылуда,  ал өзге елдердегі бағасы келісіне 1800 долларға жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы Financial Time қаржылық ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Шафран бағасының күллі әлем бойынша шарықтап өсуіне  жаһандық жылынумен байланысты фактор әсер етіп отыр, атап айтқанда, құрғақшылық пен су тапшылығынан шафран өнімі жылына 400 тоннадан 170 тоннаға дейін кеміп кеткен. Бұдан бөлек, шафран құнының жоғары болуына машақаты көп өндіру процесі өз салқынын тигізеді: бір гүлінде бар-жоғы үш шашағы ғана болады, яғни, бір келі дәмдеуіш алу үшін 200 мың гүл қажет. Шафран өндірісінің кемуі оның бағасын арттырғанымен болашақта бұл өсімдіктің жаһандық жылынуға байланысты мүлдем өспей қалу қатері жоғары.

0 пікір
Мұрағат