Иранның қолдан тоқылған кілем экспорты 10%-ға артқан
Иранның қолдан тоқылған кілем экспорты 10%-ға артқан
2 жыл бұрын 1559 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Парсы елінің ұлттық кілем орталығының жетекшісі Фарахназ Рафе ирандықтардың жыл қайыру күнтізбесі бойынша 2023 жылдың наурыз айының 21-де аяқталған өткен жылы қолдан тоқылған кілем экспортының аоодыңғы жылмен салыстырғанда 10%-ға артқанын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталыIRNA ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өткен жылы ирандықтар қолдан тоқылған кілемнің төрт млн шаршы метрінің шетелге шығарылғанын, яғни, сатылғанын әрі кілем тоқу бойынша тағы 40 мың жұмыс орны ашылғанын жария етті. Сондай-ақ, ол ирандық қолдан тоқылған кілемге де түпнұсқалық сертификаты берілетінін және бұл қадам басқа елдердің, соның ішінде Қытай, Пәкістан және Үндістанның өз кілемдерін ирандық деп көрсетіп сатуына тосқауыл қоятынын жеткізді. Осылай деген ол Біріккен Араб Әмірліктері иран кілемдерін экспорттаған алғашқы ел екенін айта келе одан кейінгі орындарда Жапония, Германия, Пәкістан, Қытай, Австралия және Үндістан тұрғанын жеткізді. Бұған қоса, Азия елдеріне бұл тараптағы экспорт 3 пайызға өскенін және Иранның АҚШ-қа қолдан тоқылған кілем экспортының соңғы бір жылда 35 пайызға төмендеп кеткенін хабарлады.

Ұқсас материалдар:

"Қолдан тоқылған кілемнің өзінен қыруар табыс тапқан ел" (https://islam.kz/kk/news/alem/qoldan-toqylgan-kilemnin-ozinen-qyruar-tabys-tapqan-el-14571/#gsc.tab=0);

"Жарты жыл ішінде 1,7 млн шаршы метр кілем қолдан тоқылған" (https://islam.kz/kk/news/alem/jarty-jyl-ishinde-17-mln-sharshy-metr-kilem-qoldan-toqylgan-16145/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат