Иранның қару-жарақ әлеуетіне сай стратегиясы
Иранның қару-жарақ әлеуетіне сай стратегиясы
5 жыл бұрын 3452 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қасым Сүлейменді қастандықпен өлтіру 2018 жылдың мамыр айында жоспарланған. Аяқ астынан, бір күнде қабылданған шешім емес... Иранның аятолладан кейінгі тұлғаның көзін жою – АҚШ, Ұлыбритания және Израилдің арнайы қызметі мен орталық барлау басқармасы тарапынан Иранға қарсы жүргізіп отырған саясатының бір тармағы. Сарапшылардың айтуынша. Мұның бәрінің мәңгі тоңды көз алдыңа әкелетін кере қарыс астары бар болып шықты. Аталған үш мемлекеттің Парсы еліне қарсы күш біріктіруінің тарихы тым тереңде жатыр. Сирия жеріндегі жеті жылдан аса уақытқа созылған соғыс Таяу Шығыстағы осы үштіктің өзара әрекетінің салдарынан орын алғанын айта кетпеске болмайды. Осы орайда. Кіші Роберт Кеннеди Politico басылымына берген сұхбатында бүй деген екен: «Біздің Башар Асадқа қарсы ашқан соғысымыз 2011 жылы күллі араб әлемін шарпыған «араб көктемі» кезіндегі бейбіт азаматтардың наразылығынан басталған жоқ. Бұл соғыс Катардың құны 10 млрд долларға бағаланған газ құбырын Саудия, Иордания, Сирия және Түркия аумағы арқылы тарту туралы ұсыныс айтылған 2000 жылы басталған болатын». Башар Асад басқа жобаны ұсынды: Газ транзитін Ираннан Ливанға тарту. Аталмыш жоба жүзеге асырылса, Таяу шығыстағы геосаяси ахуал Иранның пайдасына ойысар еді. Иранның күшеюіне қайткен күнде де жол бермеу үшін Башар Асад режиміне қарсы аталған үштік майдан ашты. Нәтижесінде Сирияда адам қаны судай ақты. Ислам атын жамылған батыстың жалдамалы содырларының сойқанын ұйымдастырушылар күллі Таяу Шығыстың, Орта Азияның, Солтүстік Африканың өркендеуіне жол ашатын аталмыш жобаны Сирияның құмында құрдымға кетірді. Бұл жобаны жүзеге асыратын шешуші мемлекеттер басымен қайғы болып кетті. Осылайша үштік Иранның аймақтағы жылдан жылға артып келе жатқан ықпалын тежеп ұстау үшін шиғалар елін арандатудың басқа жолдарын да қарастырып көрді: Саудиядағы мұнай танкерлеріне шабуыл жасау, Иранға үсті-үстіне санкция салу, т.б. Осы айтылғандардың бәрінде де мыңдаған жылдарға созылатын тарихында талай құқайды көрген Иран мізбақпады. Есесіне батыспен басы пісе бермейтін Қытай, Ресей секілді ірі державалар құрған Шанхай ынтымақтастық ұйымымен жақындасып, өзінің позициясын нығайтуға қол жеткізді. Иранның іргесін шайқау үшін тағы бір қадамға барды – генерал Қасым Сүлейменді қастандықпен өлтірді. Күллі әлем демін ішіне алып Иранның реакциясын күтті. Алайда, бұл жолы да Иран ұстамдылық танытты. Арандату тұзағына түспей. Яғни, Ормуз бұғазын жауып, Парсы шығанағындағы америкалық кемелерге соққы беріп, аймақтағы америкалықтардың әскери базаларына үдете шабуыл жасамады. Олай еткенде АҚШ жалпақ жаһанға Иранды террорист мемлекет пен зұлымдықтың ордасы етіп көрсетіп, Иранға да Сирияның кебін келтірер еді. Ирандықтар алдын ала Ирак билігін ескертіп, Қасым Сүлейменнің кегі үшін символикалық әрекетке барумен шектелді: Ирак аумағындағы америкалықтардың әскери базаларына соққы берді. Адам шығыны жоқ. Өйткені, алдын ала ескертілген. Әзірге. Келесі қадамы да америкалықтардың әрекетіне қарай қарымта ретінде болады. Ақ үй қожайыны Дональд Трамп Иран аумағындағы тарихи баға жетпес 52 нысанды жоятынын мәлімдеді. Осы орайда АҚШ президентінің халықаралық құқықты белден басатын ожарлығын айта кетпеске болмайды. Өйткені, Халықаралық қылмыстық соттың Рим статусының 8-ші бабына сәйкес «әскери мақсатта пайдаланылмаса, діни, білім беру, өнер, ғылым нысандарына немесе тарихи ескерткіштер мен емханаларға, аурулар мен жаралылар жиналған орынға қасақана соққы беру әскери қылмыс болып табылады». Иран арандату тұзағын түсіп, соғысқа жол ашса, әлбетте, Иранның күні қараң болады. Өйткені, әскери және экономикалық әлеуетін АҚШ*пен салыстыруға келмейді. Тіпті, Иран өзінің ресурсымен құрлықаралық баллистикалық зымырандарын, ядролық оқтұмсықтарын дайындауға кіріскен күннің өзінде Солтүстік Кореямен салыстырғанда шектеулі мөлшерден аса алмайды. Әрі белгілі бір уақытты қажет етеді. АҚШ пен оның Израил, Саудия секілді одақтастарының және Солтүстік әскери саяси альянстың әскер операциясына қарсы Ресей мен Қытайдың ядролық шатыры кепілдік береді. Алайда, бұл орта мерзімдегі стратегиясы.  Ал қысқа мерзімдегі стартегиясында гибридтік соғыс жүргізе отырып, Иран АҚШ пен оның одақтастарын Таяу Шығыстан ығыстыруға күш салады.

0 пікір
Мұрағат