Иранның жоғарғы көшбасшысының жиені тұтқындалды
Иранның жоғарғы көшбасшысының жиені тұтқындалды
2 жыл бұрын 1064 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Иранның рухани көсемі Аятолла Әлі Хаменеидің жиені Фарида Мұратхан әлем қауымдастығын ел үкіметімен барлық байланыстарды үзуге шақырғаннан кейін қамауға алынды. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ағасы Махмұд қарындасының қараша айының 23-і күні сот шешіміне сәйкес прокуратураға жүгінген кезде қамауға алынғанын жеткізді, ол, сондай-ақ, аятолла жиенінің бейне үндеуін жариялады, онда ол халықаралық қауымдастықты Шиғалар елімен байланыстарды үзуге және күллі Иранды шарпыған наразылықтар кезінде кез келген, соның ішінде саяси әрі экономикалық қарым-қатынасты тоқтатуға және шетелдегі Иран елшіліктерін қууға үндеген. Құқық қорғау ұйымдарының хабарлауынша, оны қамауға алғаннан кейін Иран қауіпсіздік қызметі Фариданың үйін тінтіп, оның кейбір заттарын тәркілеген. Фарида мен Махмұд Мұратхан қазан айында қайтыс болған жоғарғы лидер Бадри Хұсейн Хаменеидің әпкесіне тұрмысқа шыққан діни қайраткер және ұзақ жылдар бойы оппозиция жетекшісі болған Әлі Теһранидің балалары. Иран аймақтарындағы наразылық шерулері қыркүйекте шариғат шәлісін талаптарға сай тақпады деп айыпталған 22 жастағы Мақса Амини қайтыс болғаннан кейін басталды. Қыз ауруханада қайтыс болды, оны полиция бөлімшесінен әкелген. Ресми билік оның ауырып қалғанын алға тартып ақталғанымен Мақсаның отбасы қыздың сау болғанын, оның денсаулығында ешқандай кінәрат болмағанын айтады.

0 пікір
Мұрағат