Иранның ғылымды қажет ететін өнімдер өндіретін компанияларының экспорты 1 миллиард долларға жетті
|
Иранның ғылым, технология және білімге негізделген экономика жөніндегі вице-президенті Рухолла Деһкани Фирузабади Иранның осы күнтізбелік жылында (2022 жылдың наурыз айынан бастап) елдің ғылымды қажет ететін өнімдер өндіретін компаниялары 1 миллиард доллардың өнімін экспорттауға қол жеткізгенін жария етті. Бұл жайында islam.kz порталы IRNA ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылай деген ол биыл Иран аумағында 1600-ге жуық білімге негізделген компания тіркелгенін, былтыр бұл көрсеткіш 700-800-ге жеткенін айтты. Шиғалар елінде 8 мыңға жуық білімді қажет ететін компания жұмыс істейді, бұл компаниялар экономикаға қомақты үлес қосатын орасан зор әлеуетке ие. «Білімге негізделген компанияларды ілгерілету және қолдау туралы» заң жобасы 2010 жылы Мәжілісте (Иран Парламенті) бекітіліп, ғылыми серпіліске жол ашты. Иранның банк жүйесі 1404 білімді қажет ететін компанияларға 584,4 триллион риал (шамамен 1,2 млрд доллар) несие берген. Бұл көрсеткіш парсылардың күнтізбесіне сәйкес жылдың бірінші жартысында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,2%-ға өскен. Тау-кен өнеркәсібінен бастап, ақпараттық және коммуникация, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, энергетика салаларындағы білімге негізделген компанияларға кеңінен қолдау көрсетіле береді.