Иранның элиткалық әскері үшін жаңа камикадзе дроны құрастырылды (видео)
Иранның элиткалық әскері үшін жаңа камикадзе дроны құрастырылды (видео)
1 жыл бұрын 1039 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бұл әуе аппараты Иранның саяси әрі әскери күштік құрылымы - Ислам революциясының сақшылар корпусының жаяу әскері үшін арнайы құрастырылған. Бұл жайында islam.kz порталы Tasnim ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Me’raj-532 атауына ие болған әскери дрон қазіргі уақытта сынақтан өтіп, өзінің тиімділігін танытқан. Дәлірегі, поршенді жаңа ұшқышсыз аппараттың мүмкіндігіне тоқталсақ, 450 шақырым қашықтықты бағындыра алады және 3,6 шақырым биіктікке көтеріле алады. Me'raj-532 үш сағатқа дейін әуеде бола алады. Сонымен бірге, бұл ұшқышсыз ұшатын аппарат салмағы 50 келі тартатын оқтұмсықты алып жүре алады. Бұл аппаратты құрастыру оңай әрі ұшыруға дайындауға көп уақыт кетпейді, бұл артықшылық майдан даласында немесе қандай да бір әскери операция барысында жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат