Иранның бал өндірісі
Иранның бал өндірісі
5 жыл бұрын 1933 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иран ислам республикасының ауыл шаруашылығын дамыту министрлігі ара шаруашылығын өркендету жоспарының директоры Фархад Мошир Кафари парсы күнтізбесі бойынша 1398 жылы (биыл) ел аумағында 112 мың тоннадан аса бал өндірілгенін, бұл көрсеткіш өткен жылғыға қарағанда 22 мың тоннаға артық екенін мәлімдеді. Бұл айында ILNA ақпарат көзі хабарлады. Аталмыш құзырлы орынның лауазымды тұлғасының айтуынша, парсы елінің ара шаруашылығы елдің ауыл шаруашылығының алдыңғы қатарлы секторына айналып, әлемдік нарықты бағындыра бастаған. «Осы заманғы білім-ғылымның, технологияның, саланың жетістіктерін пайдалана отырып, қосымша құны жоғары сапалы өнім алуға қол жеткіздік»,- деп мәлімдеген ол соңғы бес жыл мұғдарында ирандық ара шаруашылығында тек бал өндіріліп қоймай, сонымен қатар, аналық сүт пен ара уы секілді өнімдерді алуға ден қойылғанын жеткізді. «Мелиттин – қазіргі уақытта тек импортталатын (яғни, сырттан тасымалданатын) ара уының өте бағалы экстракты. Десе де ара шаруашылығының бұл затты ел ішінде өндіруге әлеуеті бар»,- деп сөзін толықтырды. Шиғалар елінің ауыл шаруашылығын дамыту министрінің мал шаруашылығы жөніндегі орынбасары Мортеза Резайдың келтірген дерегіне қарағанда, ара уының әр грамы шамамен 80 долларға экспорталады. Бүгінгі таңда Иран әлем елдері арасында бал өндіруден төртінші орынға табан тіреген ел.

0 пікір
Мұрағат