Иранның әуе компаниясы санкцияны айналып өтудің жолын айтты
|
Иранның Mahan Air әуе компаниясы Армения, Ирак және Қазақстандағы делдалдар желісін пайдалана отырып, ұшақтарды жалған компаниялары арқылы сатып алды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Israel Hayom дерек көзіне жөн сілтеген cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша Иран билігі элиткалық саяси-әскери құрылым болып табылатын Ислам революциясының сақшылар корпусымен байланысты әуе компаниялары үшін ұшақтарға қол жеткізудің санкцияны айналып өтетін жолын тапқан. Түрік компаниялары арқылы Airbus ұшағының қосалқы бөлшектерінің көп мөлшері ирандық «Mahan Air» компаниясына келіп түседі. Жеке басының қауіпсіздігіне байланысты аты-жөнін жасырған авиамеханик: «Turkish Airlines Стамбұлда құрастырылған А340 ұшағының екі данасын бізге сатты. 2021 жылы ұшақтар Иранға Ресей арқылы бізге жөнелтілді», деп мәлімдеді. Mahan Air қызметкерінің сөзіне қарағанда, Turkish Airlines қосалқы бөлшектердің соңғы алушысының кім екенін білуі мүмкін, авиациялық құрал-жабдықтарды Испания мен Франциядағы жолаушылар ұшақтарына арналған қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ететін Tarmac Aerosave компаниясына да жөнелтеді. Tarmac Aerosave компаниясының зауытында әзірленген құралдар жөндеуден өтіп, түрік делдалдарының қолына өтеді, содан соң жүкті Иранға құрлық жолдарымен жөнелтеді. «Испания мен Франциядан қосалқы бөлшектерді Иран арқылы Біріккен Араб Әмірліктерінің «Этихад» компаниясына жөнелткендей көрінгенімен қосалқы бөлшектер бәрібір Mahan Air қолына өтетін жағдайдалар да орын алған кездер болды», - деп сөзін жалғастырды ирандық әуе компаниясының қызметкері. Бұдан бөлек, ол тек мәселе қосалқы бөлшектермен ғана шектелмейтінін жеткізді: «Қазіргі уақытта Хомейни әуежайының ангарында Airbus A340-642 ұшағы күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Ол Венесуэлаға жалға беріледі, деп отыр. Біздің сервистік компаниялар жақында Франция мен Испаниядан қосалқы бөлшектерді, соның ішінде, қозғалтқыштарды түрік компаниялары арқылы сатып алды». Бұрынғы түрік ұшақтарының Иранның қолына өтуінің басқа жолдары да барын жайып салды: бірнеше күн бұрын төрт Airbus A340-311/313 ұшағы Оңтүстік Африкадан Өзбекстанға ұшты. Ұшу кезінде ұшқыштар төтенше жағдай жариялап, бақылау жүйесін өшіріп, бағытты өзгертті. Іс жүзінде Mahan Air осы төрт ұшақты Оңтүстік Африка, Гонконг және Буркина-Фасодағы алдыңғы компаниялар немесе делдалдар арқылы сатып алған.