Иранның Араш газ кен орнын пайдалану құқығын көрші екі ел де мойындамады
Иранның Араш газ кен орнын пайдалану құқығын көрші екі ел де мойындамады
1 жыл бұрын 1080 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясының cыртқы істер министрлігі Иранның Араш газ кенішіне деген құқығын жоққа шығара отырып, бұл кен орнының Сауд Арабиясы мен Кувейттің ортақ иелігінде екенін мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы iran.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылай деген ол ирандық тарапты халықаралық құқық ережелеріне сәйкес Саудия пен Кувейт арасында бөлінген теңіз аймағының шығыс шекарасын демаркациялау бойынша келіссөздерді бастауға шақырды. 2012 жылы өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан бері басталған даулы газ кенішіне қатысты дағдарыс қайта өршіген болатын. Аталған үш елдің шекарасындағы аталмыш кен орнына қатысты бұл талас-тартыс әлі толастаған емес. Иран Бахрейнмен және Катармен арадағы шекара дауын шешкенімен Біріккен Араб Әмірліктерімен арадағы аралдарға қатысты дау және Кувейтпен кен орнын пайдалануға қатысты дау әлі шешімін тапқан жоқ.

0 пікір
Мұрағат