|
Ираннан газдың мол қоры табылды
|
Иранның оңтүстігінде орын тепкен Бұшекір провинциясы аумағынан газдың едәуір қор табылды. Бұл жайында islam.kz порталы Shana ақпарат агенттігіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған парсы елінің мұнай және газ министрі Мұқсан Пакнежадтың мәлімдемесінде келтірілген дерекке қарағанда, табылған кеніште 280 млрд текше метр газ қоры бар. Осылайша Иранның жалпы газ қоры 10 трлн текше метрге жеткен. Аталмыш газ кенішіне қатысты геологиялық барлау жұмыстары табаны күректей 8 жылға созылған. Иран билігі шамамен үш жылдан соң газ кенішін игеруге кіріседі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
■
ДТҰ арқылы ұрықтанған балалардың ДНҚ-сынан ерекше ауытқу табылды
■
Халқы ашқұрсақ ел мол өнім алатын ерекше әдіс ойлап тапты (фото)
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
■
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды